$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балаларға тәжірибе жасауды доғарыңыздар - белсенділер жаңа уақыт белдеуіне қарсылығын білдірді

Оқу-ағарту министрлігі төртінші тоқсанда ата-аналардан сағаттың ауысуына байланысты ешқандай шағым түспегенін айтады 

Балаларға тәжірибе жасауды доғарыңыздар - белсенділер жаңа уақыт белдеуіне қарсылығын білдірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қоғам белсенділері уақыт белдеуінен ең алдымен балалардың зиян көретінін айтты. Олар балаларға тәжирибе жасауды доғаруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігі төртінші тоқсанда ата-аналардан сағаттың ауысуына байланысты ешқандай шағым түспегенін жеткізді.

Астана тұрғыны Жанар Жандосова уақыт белдеуі ауысқаннан кейінгі балаларлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

«Біздің балалар 2-3 ауысыммен оқиды. Екінші ауысымнан шаққын оқушылар үйлеріне қараңғы түскенде қайтады. Үшінші ауысымда тіпті қараңғы болады. Бұрынғы уақытпен балалар ең құрығанда үйге қорықпай жететін. Осы қаулыны қабылдаған кезде, «бірдеңені дұрыс істемей жатқан жоқпыз ба деген күдік болмады ма?», - деді Жанар Жандосова.

Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың пікірінше, қазір 3 ауысымды мектептерді жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал қауіпсіздік мәселесі – кешенді қарайтын мәселе.

«Балаларға сапалы білім берумен қатар, қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін білеміз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тек Оқу-ағарту министрлігі ғана емес, жаряқтандыру, полицияның жұмысы сияқты бірлескен күш-жігермен шешілетін дүние», - деді Жомарт Қарамбаев.

Бұған дейін жазғанымыздай, Астанада бұрынғы сағат белдеуін қайтару бойынша петицияны талқылау жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары