«Елбасы мәлімдемесі» деп аталатын видео жалған - Баспасөз хатшысы

Автор: Azattyq Rýhy

Ресми мәлімдеме

«Елбасы мәлімдемесі» деп аталатын видео жалған, деп хабарлайды Тұңғыш Президент, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. Ол бұл туралы Twitter парақшасында жазды.

«Елбасы мәлімдемесі» деп аталатын видео жалған екеніне Сіздердің назарларыңызды аударғым келеді. Заң бұзушылар жауапқа тартылады. Мұндай сілтемелерден сақ болыңыз және ақпаратты ресми көздерден тексеріңіз», - деп жазды ол.

 Айта кетейік, бүгін  мессенжерлерде Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкға кететіні туралы айтқан видеоүндеуі тарап кетті.