Бұл туралы Ақорда хабарлады
Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Қазақстанға ресми сапармен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо келеді. Одан кейін, дәлірек айтқанда, 7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайды.
Сонымен қатар, Ақорда хабарлағандай, 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді деген жоспар бар.
Естеріңізге сала кетейік, Мирзиёев Қазақстанға бір ай бұрын, яғни, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде тағы келген болатын.