Бүгін 85 жасқа толған Лаки Кесоглу президенттің қолынан жоғары марапатқа ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Фото: almaty.tv/

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ КСР-ның халық әртісі Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», - деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, Лаки Кесоглу бүгін 85 жасқа толып отыр. Ол кеңес одағы мен Қазақстанның танымал әншісі, профессор, ұстаз. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.