$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс сотқа түсті

Сот жабық режимде өтеді

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс сотқа түсті
Фото: gov.kz

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі астана сотына келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана соттарының баспасөз қызметі хабарлағандай, оның ісі жабық режимде өтеді.

Биыл 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметіне 2019 жылы тағайындалған болатын. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кетті. Артынан президент кеңесшісі болды. Бірақ, 2022 жылы тамыз айында бұл қызметтен де босап, үкіметтік шараларда көрінбей кеткен болатын. 

 

Серіктес жаңалықтары