Зеленский Ұлыбританияға сапармен барды

Автор: Аягөз Құрмаш

Владимир Зеленскийді Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Валерий Залужный қарсы алды

Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Президент Владимир Зеленский Ұлыбританияға еуропалық саяси қоғамдастық саммитіне сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy,

«Еуропаның саяси қоғамдастық саммитіне төртінші рет жалпы тақырыптар мен сын-қатерлерді талқылауға жиналып жатыр. Мен Ұлыбританияға саммитке қатысу үшін, серіктестермен екіжақты кездесу өткізіп, қауіпсіздік туралы жаңа келісімдерге қол қоюға келдім», - деп жазды Украинаның басшысы.

Зеленский Король Чарльз ІІІ, жаңа премьер-министр Кир Стармермен, шенеуніктермен, қорғаныс компанияларының басшыларымен кездесетінін айтты. 

Оның айтуынша, Украина ҚӨК-ні қолдау туралы үкіметаралық келісімге қол қою жоспарлануда.

Алдағы қорғаныс ынтымақтастығы және Украинаны қорғау мүмкіндіктерін кеңейту талқыланбақ.

«Толық ауқымды шапқыншылықтың алғашқы күндерінен бастап Ұлыбритания Украинаны қолдауға бел буды. Ресей террорын тоқтату үшін дәл осындай шешім қажет», - деп түйіндеді президент.