Олар әскери нысандарды аралады
Ақтауда «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Қатысушы елдердің қорғаныс министрлері әскери нысандарды аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Маңғыстау өңірінде Қазақстан қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерін сеніп тапсырылған әскери бөлімшелердің оқу-жауынгерлік мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығуды өткізу шарттарымен таныстырды», - деп хабарлады министрлік.
Еске салайық, Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңі шілденің 16-17 күндеріне белгіленген.