Мажарстан мен Албаниядағы Қазақстан елшілері тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы және Албания республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.