Астанада ШЫҰ саммиті ресми түрде аяқталды

Azattyq Rýhy

Түстен кейін «ШЫҰ плюс» форматындағы отырыста мемлекет басшылары сөз сөйледі

Астанада ШЫҰ саммиті ресми түрде аяқталды
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитін жапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ШЫҰ плюс» форматында өткен отырыста ҚХР төрағасы, Түркия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан елдерінің президенттері сөз сөйледі.

Олардың ресми сөз сөйлеуінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев конструктивті диалог үшін алғыс айтып, саммитті жапты.

«Бүгін сіздер ұсынған ауқымды бастамалар Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы жан-жақты ынтымақтастық пен тұрақты дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Конструктивті диалог орната білген сіздерге алғыс айтамын. Сөз соңында ұйымға төрағалық ететін ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің жұмысына сәттілік тілеймін. Осымен Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитін жабық деп жариялаймын», - деді Тоқаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.