«Израильдің жауыз саясатын тоқтату керек» – Ердоған

Azattyq Rýhy

Астанада «ШЫҰ плюс» саммиті өтті 

«Израильдің жауыз саясатын тоқтату керек» – Ердоған
Фото: Ақорда

Израиль-Палестина қақтығысы салдарынан Газа секторында 37 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл сұмдықты доғару үшін Израильдің жауыз саясатын тоқтату керек, деп мәлімдеді Ердоған Астанада өтіп жатқан «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде әлемдік қауіпсіздік архитектурасының бүкіл іргетасы шатқаяқтап тұр. Исламды дұшпан көру, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік тасымалы барысында кедергілер қазіргі әлемдегі геосаяси күйзелісті одан сайын ушықтырып отыр. Мұның ішіндегі ең сорақы қатігездік Газа секторында болып жатыр. Израильдің Газа секторына қатігездікпен шабуыл жасауы 40 мыңға жуық жазықсыз жанның опат болуына әкелді. Қираған ғимараттардың астында мыңдаған баланың мүрдесі қалды. Израильдің осы әрекетіне тосқауыл қоюымыз қажет. Халықаралық құқық аясында олардың мұндай қатігездігін мәжбүрлі түрде тоқтататындай әрекеттерге баруымыз қажет. Сонда ғана әлемдік деңгейде әділет орнайды», — деді Түркия Президенті.

Сонымен қатар Режеп Тайип Ердоған Түркия терроризмге қарсы күресте ШЫҰ-мен диалогты дамытуға мүдделі екенін баса айтты.

«Атажұртымыз — Орталық Азия елдерімен әр салада ортақ пайда негізіндегі ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз әрі мүдделіміз. ШЫҰ - Азия елдерімен диалог орнатуға өте ыңғайлы платформаның бірі», — деді мәртебелі Ердоған.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.