Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Делегаттар Тәуелсіздік сарайына жиналып жатыр

Фото: Ақорда

Бүгін, 4 шілде күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Саммитке Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстанның президенттері және бірқатар елдердің үкіметтік делегациялары келді. Сонымен қатар, саммитке ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысып  жатыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында әрбір делегатты жеке қабылдап жатыр. Алғашқылардың бірі болып Индияның Сыртқы істер министрі, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі келіп жетті. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады.