Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды
Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан астанасына келді. Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметке сілтеме жасап.
«Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады», -делінген хабарламада.
Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді.
Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.