Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Автор: Azattyq Rýhy

3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді

Фото: Ақорда

Тәжікстан Президентін Астана әуежайында Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.