Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасайды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін созған болатын

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына және оның алдын алуға байланысты арнайы мәлімдеме жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының Twitter-парақшасында жазылған.

«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», - деп жазды Президент әлеуметтік желідегі өз парақшасында.

Айта кетейік, пандемияға байланысты Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған болатын. Еліміздің астанасы мен ірі қалаларының бәрінде карантин режимі енгізілді.