Сирия мен күрдтер мәселесі Сочиде талқыланады

Автор: Azattyq Rýhy

Ертең 22 қазанда Реджеп Тайып Ердоған мен Владимир Путиннің кездесуінен кейін Түркияның солтүстік-шығыс Сирияға қандай шара қолданатыны анықталады деп хабарлайды Euronews ақпараттық порталы.

 «Ертең біз Ресейге, яғни Сочиге барамыз. Бұл кездесу барысында Путин мырзамен осы жағдайларды талқылап, сонан кейін, Алла қаласа, қажетті қадамдарды жасайтын боламыз» деп мәлімдеді Түркия басшысы.

Ресей тарапы Тәуелсіз Сирия мемлекетіндегі аумақтарда күрдтердің бақылауындағы қарулы күштерді қайта қалпына келтіруде талап етіп отыр.

«Түркияның және басқа да мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі үшін Сирия территориясындағы барлық күрд құрылымдарының Сирияның аймағында заңсыз қарулы топтардың құрылмауы туралы заң міндетті түрде Сирияның Конституциясында жазылуы керек» дейді  РФ Сыртқы істер Министрі С.Лавров.

Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, сириялық күрдтер мен Дамаск Ресей мемлекетінің диалог орнатуына қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Мәскеу 1998 жылғы Дамаск пен Анкара арасындағы сирия-түрік Адана келісімін қайта қалпына келтіруге шақырды.