Мьянма Қытайға алаяқтық жасады деген 150 күдіктіні экстрадициялады

Аягөз Құрмаш

Олар онлайн алаяқтық жасаған

Мьянма Қытайға алаяқтық жасады деген 150 күдіктіні экстрадициялады
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Трансшекаралық телекоммуникациялық алаяқтыққа күдікті 150 ҚХР азаматын Мьянма Қытай билігіне тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен жылдың басынан бастап ҚХР МОБ телекоммуникация және интернет-алаяқтыққа байланысты қылмыстарға қарсы күресте Мьянма құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты тереңдетіп жатыр.

Мәліметтерге сәйкес, телекоммуникациялық алаяқтыққа күдікті 49 мыңнан астам қытай азаматы Қытайға Мьянмадан экстрадицияланды.

Екі елдің құқық қорғау органдарының бірлескен операциялары барысында 150 күдікті ұсталып, Тачилек ауданындағы 10 телекоммуникациялық және онлайн алаяқтық үй-жайы жойылды.

Синьхуа хабарлағандай, күдіктілер, сондай-ақ тиісті дәлелдер мен заттар Қытай тарапына берілді. ҚХР МОБ осындай қылмыстарға қарсы күресті жандандыру және бұқараның мүлкі мен олардың заңды құқықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайту үшін тынымсыз күш салуға уәде берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.