Құрылтай құрамынан 3 адам шығарылды
Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрылтай жұмысына бірқатар сала өкілдері – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды», - деп жазылған хабарламада.
Құрылтай құрамынан А.Қашқынбеков, Д.Кривошеев, А.Сапарбекұлы шығарылды.