Песковтың қызы ма, басқаның қызы ма, ала береді –  Қожаев ЖСН алатындар туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ол Сенат кулуарында айтты 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда ЖСН алғанын білмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Сенат кулуарында редакция тілшісі Қожаевтан Ресейдегі саяси тұлғаның бірі – Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін қашан алды деп сұрады.

«Енді мен ол кісінің қай уақытта алғанын қадағалап отырады дейсіз бе? Алған да шығар! Ол Песковтің қызы ма, басқа біреу ме, ала береді ғой», - деген Қожаев сұраққа толық жауап берместен бұрылып кетті.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда ЖСН алған.