Біз Америка халқы сайлайтын кез келген президентпен жұмыс істейміз – Путин
Ол АҚШ-тағы сайлаудан кейін Ресейге қатысты ештеңе өзгермейтінін айтты
АҚШ сайлауынан кейін Ресейге қатысты ештеңе өзгермейді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Мен сайлаудан кейін америкалық саясатта Ресей бағытына қатысты бірдеңе өзгереді деп ойламаймын. Біз олай ойламаймыз, шын мәнінде аса маңызды ештеңе болмайды деп ойлаймыз», - деп атап өтті Путин.
Ресей президентінің айтуынша, АҚШ-та болып жатқан ішкі саяси күрес барысында ел өз мемлекетін, саяси жүйесін іштен құлдыратып жатыр.
Менің ойымша, халықаралық саясат саласында да, ішкі саясатта да, экономикалық саясатта да қазіргі әкімшілік көп қателік жасап жатыр, - деді Владимир Путин.
Синьхуа хабарлағандай, Путин Ресей ешқашан АҚШ-тағы ішкі саяси процестерге араласпағанын және араласпайтынын айтты. Алайда оның салдары неге әкелетінін бақылайды.
Ресей басшысы сонымен қатар Ресей үшін АҚШ сайлауының түпкілікті нәтижесі маңызды емес екенін мәлімдеді.
Біз Америка халқы сайлайтын кез келген президентпен жұмыс істейміз, - деп түйіндеді ол.
Еске салсақ, Америка құрама штаттарында президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді.