06.06.2024, 10:42
Саясат
Песковтың қызы ма, басқаның қызы ма, ала береді – Қожаев ЖСН алатындар туралы айтты
Бұл туралы ол Сенат кулуарында айтты
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда ЖСН алғанын білмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Сенат кулуарында редакция тілшісі Қожаевтан Ресейдегі саяси тұлғаның бірі – Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін қашан алды деп сұрады.
«Енді мен ол кісінің қай уақытта алғанын қадағалап отырады дейсіз бе? Алған да шығар! Ол Песковтің қызы ма, басқа біреу ме, ала береді ғой», - деген Қожаев сұраққа толық жауап берместен бұрылып кетті.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда ЖСН алған.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды