Әшімбаев «Қазақстанмен мәселе туындайды» деген орыс депутатына қатысты пікір білдірді

Azattyq Rýhy

Бірақ сенат спикері Петр Толстойдың мәлімдемесін әлі тыңдамаған 

Әшімбаев «Қазақстанмен мәселе туындайды» деген орыс депутатына қатысты пікір білдірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері, депутат Петр Толстойдың мәлімдемесіне қатысты пікіо білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Петр Толстой "Комсомольская правда" радиосының тікелей эфирінде Украина туралы сұраққа жауап беріп, Қазақстан, Армения елдерінің атын атаған.

«Біздің айналамызда мәселе толып жатыр. Бірақ, бәрі Украинаның мәселесі қалай шешіледі екен деп күтіп отыр, бақылап отыр. Сондықтан, біз Украина тақырыбын жаппасақ, Қазақстанмен, Армениямен, бізді қоршап отырған өзге де елдермен мәселе туындауы мүмкін», - деген еді Толстой.

Мәулен Әшімбаев мемлекеттік дума вице-спикерінің бұл мәлімдемесін тыңдаған жоқпын дейді. Алайда, Әшімбаев бұл түгел думаның емес, тек Толстойдың пікірі деп санайды.

«Мен ол кісінің мәлімдемесін өзім тыңдаған жоқпын, бірақ, әріптестерімнен естідім. Тыңдаған соң пікір білдіре аламын. Бірақ, бұны Мемлекеттік думаның (Ресей парламентінің – ред) пікірі деп емес, бір адамнығң пікірі деп қабылдау керек», - деді Әшімбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.