Президенттің сапары 23-24 мамырға жоспарланған
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23-24 мамыр күндері Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Тоқаев сапар аясында Сингапурдың басшылығымен кездесіп, бизнес-форумға қатысады.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады Ақорда.