Норвегия Палестинаның мемлекеттігін мойындады

Темірхан Айжан

Еуропа Одағының бірнеше елі Палестинаның егемендігін мойындауды жоспарлап отыр

Норвегия Палестинаның мемлекеттігін мойындады
Фото: Reuters

Палестинаның мемлекеттігін тану туралы құжат 28 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Норвегия Премьер-Министрі Йонас Гар Стере «елді ресми түрде мойындамасақ, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мүмкін емес» дейді.

Кейінгі апталарда Еуропа Одағының бірнеше елі Палестинаның егемендігін мойындауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Ирландия мен Испания да Палестинаны мемлекет ретінде тану туралы шешімге келген. Дәл осындай ниетті Бельгия мен Мальта көрсетіп отыр.

Еуропа мемлекеттерінің ішінде Палестинаның егемендігін Болгария, Венгрия, Кипр, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Чехия, Швеция мойындамаған.

Қазіргі күні БҰҰ-на кіретін 193 елдің 143-і Палестинаны мемлекет ретінде таныған.

Еске салайық, 2023 жылы 7 қазанда ХАМАС лаңкестік тобы Израильге басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 253 адамды тұтқынға алған. Жауап ретінде Израиль Газаны атқылауды бастады. Палестинаға әскер кіргізіп, соғыс бастады. Қазіргі күні соғысқа көптеген ел араласып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.