Мишель Обама президенттік сайлауда Байденді алмастыруы мүмкін – БАҚ

Автор: Аягөз Құрмаш

Неміс баспасөз бұл америкалық президенттің төмен рейтингіне байланысты деп отыр

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

АҚШ Демократиялық партиясының кейбір мүшесі 2024 жылдың тамызында Чикагода өтетін  партиялық конвенцияда ел президенті Джо Байден алдағы сайлауға қатыспау туралы шешімін жариялайды, өз орнына АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишельдің кандидатурасын ұсынады деп болжап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Der Spiegel хабарлағандай, Демократиялық партия Мишельді әлеуетті кандидаттар туралы сауалнамаларына қосқан. Көптеген америкалық президенттің әйел болғанын қалайды.

«Бұл қиял терең шарасыздықтың жемісі. Бұрын-соңды АҚШ тарихында мұндай танымал емес екі үміткер бір-бірімен кездескен емес», - делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, америкалықтардың үштен екісі Байденді тағы төрт жыл бойы АҚШ-ты басқаруға тым кәрі деп санайды. Көптеген адам Дональд Трамптың сайлауға қатысуынан да сескеніп отыр. Ол қазіргі президенттен қатты жас емес және аптасына бірнеше күн сотта порноактрисаның үнсіздігін сатып алуға тырысқаны үшін айыпталған.