25.04.2024, 14:27
Саясат
Тоқаев бірқатар қазақстандықтарды орден және медальмен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандықтарды ордендермен және медальдармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:
ІІ дәрежелі "Достық" орденімен - Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна;
"Ел бірлігі" орденімен
- "Қазақстан украиндарының радасы" бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич,
- Мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович,
- "Дустлик" Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич,
- Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна;
"Шапағат" медалімен
- Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович,
- Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич,
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич,
- Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна;
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна,
- Қарағанды облысындағы "Ассамблея жастары" өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич,
- Жетісу облысы "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна.
Көп оқылған
06.05.2026, 09:48
Тоқаев немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген батырға «Халық қаһарманы» атағын берді
06.05.2026, 11:15
Талдықорғанда арыққа ағып кетіп, жүрегі тоқтап қалған екі жасар қызды жедел жәрдем дәрігері қайта «тірілтіп» алған
06.05.2026, 10:02
Павлодардағы емхананың кезегіне таласқан халық есік ашылғанда бір-бірін таптап кете жаздаған (ВИДЕО)
06.05.2026, 10:18
«Бұл - таңдау емес, мәжбүрлеу әрі бопсалау»: BI Service үйді күтіп-ұстау үшін бір шаршы метрдің тарифін 270 теңгеге дейін қымбаттатпақ