Тоқаевтың қатысуымен ҚХА сессиясы онлайн-форматта басталды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Кезекті сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбын арқалаған

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
 
Айта кетейік, президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұған дейін президент қаржы үнемдеу үшін бірнеше имидждік шара өтпейтінін мәлім еткен еді.