Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді – СІМ

Автор: Аманалина Тоғжан

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ

Фото: facebook.com/DavidCameronOfficial/

Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.