Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қырғызстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келіп отыр

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.