Ресми сапар 18-19 сәуірге жоспарланған
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kg сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, ресми сапар 18-19 сәуірге жоспарланған. Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі дастан Дюшекеевтің айтуынша, сапар айында екі ел президенттері Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, Садыр Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы апталығының ашылуына қатысады деген жоспар бар.