Президент жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді

Автор: Аманалина Тоғжан

Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізеді

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні бейресми кездесу өткізетінін жазған болатынбыз.