Ертең Тоқаев пен Мирзиеев бейресми кездесу өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін талқылайды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент–Самара» тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтқан болатын.