Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада.
Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында туған.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1993 жылы «Орал» агроөнеркәсіпбанкте» экономист болып бастаған.
1997-2005 жылдары Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілідігінде кеңесші-экономист.
2006-2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2009-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің консультанты, орынбасары, міндетін атқарушы.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
2013-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, экономика, қаржы және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік етті.
2015-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының мүшесі.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
2018 жылғы ақпаннан бастап – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 9 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2008 ж.), «Құрмет» (2016 ж.), «Парасат» (2021 ж.) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.