Өткен жылдың қыркүйегіне дейін ол Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарған
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Экс-министрдің жаңа қызметі туралы ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін «АМАНАТ» партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Ол 2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың күзінде Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылды.