$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2029 жылға қарай экономикамызды екі есе арттыруға мүдделіміз - Президент

Тоқаев Қазақстан ЖІӨ-нің өсімін 6 пайыз деңгейінде ұстауға тырысатынын айтты

2029 жылға қарай экономикамызды екі есе арттыруға мүдделіміз - Президент
Фото: akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ашылу салтанатында Қазақстан ЖІӨ өсімін 6% деңгейінде ұстауға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Президент атағандай, Қазақстан 2029 жылға қарай экономиканы екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

«Орта мерзімді перспективада біз өсімді (ЖІӨ - авт.) 6% деңгейінде қолдауға және 2029 жылға қарай экономикамызды екі есеге арттыруға тырысамыз. Оны жүзеге асыру үшін жаңа экономикалық бағытты ынталандырдық. Ол жаңа стратегиялық, құрылымдық шешімді қажет етеді», - деді Тоқаев. 

Президент атағандай, мақсат - қарқынды дамитын қуатты халықты қалыптастыру. 

«Қазақстанның цифрлық нарығындағы өзге шетелдік крмпанияларды тартады, оның ішінде қытайлық кәсіпорындар да бар»,- деді ол. 

Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумы-2024 өтіп жатыр.

Фото: Ақорда 

Серіктес жаңалықтары