Президент 2030 жылға таман ЖІӨ өсімі 30 трлн долларға жетуі керегін жеткізді
2024 жылы әлемдік ЖІӨ өсімінің 67%-дан астамы Азияға тиесілі болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ашылу салтанатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биыл әлемдік ЖІӨ өсімінің 67%-дан астамы Азияның үлесіне тиесілі болады деп күтіліп отыр. Ол сондай-ақ әлемдік тауар саудасының 53%-ын құрайды», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, 2030 жылға қарай ЖІӨ өсімінің күтілетін 30 трлн долларының тек 1 трлн доллары Батыс елдерінен келеді деп күтіледі.
«Бұл Азияның қайта жанданғанын көрсетеді», - деді Тоқаев.
Еске салсақ, Боао Азиялық форумы-2024 (BAF) Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Боао қаласында өтіп жатыр.