Азияға құйылған шетелдік инвестициялар едәуір артты - Тоқаев
Тоқаев жаһандық экономика жаңа парадигмаларды талап етіп отырғанын айтты
Хайнань провинциясында Боао Азиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Президент әлемдік экономика соңғы 30 жылда ЖІӨ өсімінің баяулайтын кезеңіне келгенін айтты.
«Бұл экономикада пайда болған проблемалардан байқалып отыр. Азық-түлік саясаты көптеген дауды туындатып отыр. Ол жаһандық жеткізулер мен өсімге әсер етіп отыр. Жаһандық экономика жаңа парадигмаларды талап етіп отыр. Бұл мәселені шешу алдағы онжылдықтағы уақытты қамтып отыр. Бұл тұрғыда Азия көшбасшы болып саналады. Биыл Азия ЖІӨ үлесі 63 пайызды құрайды. Бұл өңірде қарқынды дамып жатқан ірі әлемдік экономикалар бар. Азияға құйылған шетелдік инвестициялар едәуір артты», - деді Тоқаев.
Форумға Оңтүстік Азия елдерінің 30-ға жуық мемлекеті келген. Дәстүрлі форумға биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр.
Іс-шара «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» ұранымен өтеді. Биылғы конференция төрт негізгі бөлімнен тұрады: «Әлемдік экономика», «Ғылыми-техникалық прогресс және инновация», «Әлеуметтік даму» және «Халықаралық ынтымақтастық».
Боао Азия форумы – аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге және Азия мемлекеттерінің бірлескен дамуына ықпал етуге арналған үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым.