Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады

Автор: Мира Байбек

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының сессиясына қатысады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.