Шуйоктың кандидатурасын 134 депутат қолдап дауыс берді
Венгрия Парламенті Конституциялық Соттың Төрағасы Тамаш Шуйокты республиканың жаңа президенті етіп сайлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Шуйоктың кандидатурасын 134 депутат қолдап дауыс берді, бесеуі қарсы болды.
Тамаш Шуйок – заңдық кеңесші, адвокат, Австрияның құрметті консулы. Ол 2016 жылдан бастап Конституциялық соттың төрағасы болып қызмет атқарды.
Венгрия Президенті Каталин Новак 10 ақпанда балалар үйіндегі жыныстық зорлық-зомбылық ісіне қатысты жанжалдан кейін отставкаға кеткен.
Аударған: Айжан ТЕМІРХАН