АҚШ қазір әлемде пандемиядан қайтыс болғандар саны бойынша алдыңғы орында
АҚШ тарихында алғаш рет барлық штатта төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды euronews.com.
Дональд Трамп коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-тың батысындағы Уайоминг штатында төтенше жағдай режимін енгізу туралы декларацияны жариялады. Осылайша, АҚШ тарихында алғаш рет барлық 50 штатқа және Колумбия федералды округына төтенше жағдай енгізілді.
«Ақ үй төтенше жағдай федералды және жергілікті деңгейде, сондай-ақ бірқатар ұйымға қатысты мемлекеттік қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Балтимор штатындағы Джон Хопкинс атындағы университеттің мәліметі бойынша, 12 сәуірде елде SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырған 529 951 жағдай тіркелген. 20 608 адам вирустан қайтыс болған. 32 091 адам сауығып шыққан», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, АҚШ қазір әлемде пандемиядан қайтыс болғандар саны бойынша және вирус жұқтырғандардың саны бойынша алдыңғы орында.