15.02.2024, 14:49
Саясат
Қазақ-Қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға барған алғашқы сапары туралы айтты
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Катарға алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын.
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз», - деп жазды Президент.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды