$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бітімгер санын ұлғайтуға дайын»: Қазақстан БҰҰ миссисына бітімгерлерді жібереді

Миссияға қатысу әскердің жауынгерлік машығын арттырады

«Бітімгер санын ұлғайтуға дайын»: Қазақстан БҰҰ миссисына бітімгерлерді жібереді
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мемлекет басшысы Қаксым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан әскери қызметшілерін БҰҰ бітімгергілік миссиясына жіберу туралы баяндамасын оқып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әскери қызметшілерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберу Парламенттің бұрын қабылдаған бірнеше қаулысына сәйкес жүргізіледі. 2014 жылдан бастап 57 офицер ұйымның Батыс Сахарадағы Кот-д’Ивуардағы, Малидегі, Орталық Африкадағы Ливандағы миссияға әсчкери байқаушы, штабтық офицер ретінде қатысты. 2017 жылдан бастап 538 әскери қызметші Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысты», - деген Тоқаев.

Жақсылықов атағандай, Батыс Сахарада-6, Орталық Африкада-2, Конгода-2, Ливанда 9 әскери қызметші қызметтен өтеді.

«Ұйым басшылығы офицерлердің жауынгерлік машығына баға беріп, ұйым миссиясында Қазақстан бітімгерінің санын ұлғайтуға дайын екенін білдірді. Біздің офицерлер бітімгершілікке үлес қосқаны үшін медальмен наградталып, алғыс хатқа ие болды. Бітімгершілік қызметті қолдау, жанжалды реттеу әлемдік қоғамдастық назарында екенін атап өткен жөн. Контингетті миссияға жіберу, халықаралық қауіпсіздікті нығатуға айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанның жаһандық арендағы рөлін арттыруға ықпал етеді», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары