Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Оған Президент әкімшілігі мен Үкімет отырысы қатысып жатыр
Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының 2024 жылғы 19 қаңтардағы бірлескен отырысының күн тәртібіне бір мәселе енгізілді.
Ол - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы жөнінде.
Отырысқа Президент әкімшілігінен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы Әмірбек Оспанбеков қатысып жатыр. Сондай-ақ Үкімет мүшелері қатысуда.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ