$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент отын-энергетика және коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселені жақсы біліп отыр – депутат

Бүгін Мемлекет басшысының Egemen Qazaqstan газетінде сұхбаты жарияланды

Президент отын-энергетика және коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселені жақсы біліп отыр – депутат
Фото ашық дереккөзден

Осыған орай, Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бағыттарға қатысты халықтың көтеріп жүрген маңызды сұрақтарына өз ой-пікірлерін білдіріпті. Оның ішінде: Қаңтар оқиғасы, екі билік туралы, саяси реформалар, Президент мерзімі, Үкімет тиімділігі, энергетика саласы, Сыртқы саясат. Ресей мен Қытай, кадр мәселесі және т.б қамтылған. Көп мәселенің ішінде өте маңызды сұрақ - отын-энергетика және коммуналдық шаруашылық бағыты. Президенттің осыған қатысты жауабына тоқталғанды жөн көрдім. Өйткені қазіргі таңда тұрғындарды қатты толғандырып отырған мәселелер: жылу, су, ток», - деп жазады депутат.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының сұхбатта берген жауабынан проблеманың себептері мен салдарын толық біліп отырғаны көрініп тұр. Президент ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керегін, жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ескерткен.

«Қасым-Жомарт Тоқаев қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұрғанын, Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек екенін атап, нақты міндет қойды», - деп жазады Жаңбыршин.  

Серіктес жаңалықтары