Энергетика министрі онлайн режимде өтетін ОПЕК + келіссөзіне қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Келіссөз 9 сәуірде бейнеконференция форматында өтеді

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөзі 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды. Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығында бағаның құлдырауына тек ОПЕК+ елдерінің күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр, қалыптасқан жағдай нарықтағы барлық елдердің белсенді атсалысуын қажет етеді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 наурызда өткен ОПЕК + қатысушыларының соңғы жиналысында тараптар келісімді ұзарту туралы ортақ мәмілеге келе алмады, өйткені Ресей өндірісті қысқартудан бас тартты, ал Сауд Арабиясы сұраныстың төмендеуіне байланысты өндіріс көлемін азайтуды талап етті.

Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы келіссөз дүйсенбі күні, яғни 6 сКеләуірде бейнеконференция форматында өтуі керек еді, бірақ ол 9 сәуірге ауыстырылды.