$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 15:54
Саясат

Қазпошта басшысы: «390 мың адамның зейнетақысын үйіне жеткізіп бердік»

6 мыңға жуық зейнеткерді төлем картасымен қамтамасыз еткен

Қазпошта  басшысы: «390 мың адамның зейнетақысын үйіне жеткізіп бердік»
фото: qostanay.tv

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов 42 500 теңге жәрдемақы алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Ұлттық банктің түсіндіруі бойынша, аталған жәрдемақыны алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Кез келген банк пен «Қазпоштаның» әдеттегі есепшотын пайдалануға болады», - деді Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, ол бұрын зейнетақысын пошта бөлімшесінен алатындардың ақшасын сәуір айынан бастап үйлеріне жеткізіп беріп жатыр екен.

«Бөлімшеге келетін зейнеткерлердің сәуір айындағы зейнетақысы үйлеріне дейін жеткізілуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп сәуір айының 1-15 аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіттік. Кесте бойынша бүгінге дейін 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақысын жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткерді төлем картасымен қамтамасыз еттік. Клиенттеріміздің арасында карантин біткеннен кейін де зейнетақысын бөлімшеге келіп алғысы келетіндер бар, біз олардың әрқайсымен байланыста боламыз», - деді ол. 

Айта кетейік, «Қазпошта» бөлімшелеріндегі жұмыс уақыты 10:00-ден 16:00-ге дейін. Басқарма төрағасының айтуынша, бөлімшелерде үнемі тазалау мен дезинфекиялау жұмысы жүргізіледі. Қызметкерлерге маска мен қолғап берілген. Соңғы бір аптада «Қазпошта» 270 мың клиентке қызмет көрсетіп, 126 204 адамға есепшот ашқан. 169 123 адам ЕСП төлемін төлеген.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары