$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.04.2020, 15:35
Саясат

Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания премьер-министрі ауруханада жатыр

Осыдан 10 күн бұрын Борис Джонсонның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания премьер-министрі ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон кеше коронавирусты анықтайтын кезекті тестілеуден өту үшін ауруханаға жатқызылды.

BBC порталының жазуынша, ол Лондондағы парламент үйіне қарама-қарсы орналасқан Сент-Томас госпиталінде бір түнге қалған. Ақпарат құралына сұхбат берген дәрігер, журналист Сара Джарвис Джонсонның көкірек қуысын, өкпесін рентгенге түсіретінін, жүрек жұмысын тексеру үшін электрокардиограмма жасайтынын айтқан.

«РИА Новости» агенттігі Б.Джонсонды жасанды тыныс алу аппаратына қосатынын хабарлады.

3 ақпанда премьер-министрдің өзі әлі дене қызуы қайтпай жатқанын, жұмысты қашықтан істеуге мәжбүр екенін айтқан. Ал оның жүкті әйелі Кэрри Симондс та бойында COVID-19 белгілері байқалатынын жасырған жоқ.

Егер Борис Джонсонның денсаулығы сыр беретін болса, үкіметті сыртқы істер министрі Доминик Рааб басқарады.

Ал Ұлыбритания патшайымы Елизавета II кеше халыққа видеоүндеу жасап, жақсы күндердің қайта оралатынына сенім білдірді. 93 жастағы патшайым қазір Виндзор қамалында оқшауланып жатыр. 

Бүгінде Ұлыбританияда коронавирус 47 мыңнан астам адамнан анықталған. Қайтыс болғандар саны 5000-ға жуықтады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары