2022-2023 жылдары елімізге 41,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Экономика демонополизацияланады, ал мемлекет бизнеске қатысуын айтарлықтай азайтады. Адал бизнеске бюрократиялық қысым азаяды. Біздің барлық күш-жігеріміз кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатын болады. Заңсыз иемделінген және шығарылған активтерді елімізге қайтару бойынша жұмысты жандандырамыз. Олар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады», — делінген Мемлекет басшысының бағдарламасында.
Осылайша, Президенттің Сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет салық, бюджет, ақша-несие, тариф саясатын тең дәрежеде әрі ашық жүргізетін болады, сондай-ақ ішкі өндірісті, шикізаттық емес экспортты және т.б. ынталандырмақ. Осы бағыттарда және жалпы Қазақстан экономикасын дамыту бойынша бір жылда жүргізілген жұмыстар туралы Primeminister.kz редакциясының кезекті материалынан оқи аласыздар.
➢ ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері;
➢ 7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны;
➢ автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер.
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына белсенді азаматтық позициясы бар қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері кірді.
Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 трлн теңге сома болатын активтер қайтарылды. Оның шамамен $600 млн-ы басқа юрисдикциялардан қайтарылған. Мысалы, БАӘ-ден шамамен $15 млн, Австриядан $82 млн, Лихтенштейннен $260 млн, Гонконгтан $2 млн қайтарылды.
Қазыналық саясатты қайта қарауға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр. Жұмыс тобына сарапшылар, экономистер және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 1 мыңға жуық ұсыныс түсті.
Сонымен қатар «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселелері пысықталып жатыр. Мұндай мүмкіндікті қарастыру қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген.
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Кәсіпкерлерді көлеңкелі сектордан шығару үшін қолайлы бизнес-орта құрылуда.
Соттан тыс банкроттық рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздары бойынша келесідей шарттарда қолданылады: берешек 1 600 АЕК-тен аспаған жағдайда (2023 жылы 5 520 мың теңге); қарыз 12 ай бойы өтелмеген жағдайда; жеке мүлкі болмаған жағдайда; банкпен реттеу рәсімі жүргізілген жағдайда.
Сот арқылы банкроттық рәсімі кредиторлар алдындағы берешек 1 600 АЕК-тен асқан жағдайда және берешектің барлық түрі бойынша қолданылады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сот арқылы берешекті 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін алуды қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесе әзірленіп, сот арқылы бекітіледі. Бұл рәсім түрінің ерекшелігі одан кейін борышкерге «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан борышкерге оның салдары қолданылмайды (5 жылға дейін банктер мен МҚҰ-дан несие алуға тыйым; банкроттықты тек 7 жылдан кейін қайта қолдану; «банкроттықтан» кейінгі 3 жыл қаржылық жағдайы тексеріледі).
Бүгінгі таңда 11,3 млрд теңгеден астам сомаға 7,1 мың азамат банкрот деп танылды.
Қазақстандық тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалану жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып бақыланады. Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылған болса, олар үшін уақытша өтемақы тарифтері енгізіледі, ал табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.