Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады

Azattyq Rýhy

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.

«Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.