Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Бүгін Алматыда Болат Назарбаев өмірден өтті

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Сондай-ақ ҚР Президентінің Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны да хабарланды. 

Айта кетейік, Бүгін Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасында Болат Назарбаев қайтыс болды.