Бұл саммиттің қорытынды құжаты болып есептеледі
Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінің қорытынды құжаты – Астана актісіне қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркі мемлекеттері ұйымының Х мерейтойлық саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданып, құжаттарға қол қойылды.
Еске салайық, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан Премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ